Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘМС қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы қайырымдылыққа үлес қосты

МӘМС қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы қайырымдылыққа үлес қосты

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық Қонысовтар мен Бекішевтер отбасыларында әр түрлі жастағы балалар өсіп келеді. Олар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұжымының қамқорлығында. Көктемгі күн мен түннің теңесуі қарсаңында ұжым ізгі тілекпен отбасыларына азық-түлік жеткізді.

Отбасылар қала шетіндегі уақытша үйлерде тұрады, өз баспаналары жоқ. Осылайша, Тасбөгет кентің тұрғыны, жалғызбасты ана 4 жастан 16 жасқа дейінгі төрт баланы тәрбиелеп отыр. Оның тұрақты жұмысы жоқ. Әйел Қор қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Қаланың шет аймақта тұратын тағы бір отбасы да қолдауды қажет етеді. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған үш баласы бар, олардың көру қабілеті нашар.

Айта кетейік, «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының орталық аппаратының бастамасымен ұйымдастырылуда. Жыл сайын, жаңа жыл қарсаңында, Наурыз мерекесі, Білім күні қызметкерлер балаларға сыйлықтар дайындайды, сондай-ақ отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен көмектеседі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы игі істер қоржынын толықтыруды жалғастыруда.
17 наурыз 2021 ж. 118 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области