Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 5 АГРОИНДУСТРИЯЛДЫҚ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 5 АГРОИНДУСТРИЯЛДЫҚ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ


    Бүгін Жаңақорған ауданында «Агроэкспресс» оқу семинары өтті. Онда кәсіпкерлерге ауданның туристік және агроөнеркәсіптік әлеуеті таныстырылды.
    Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев және «Мансап-Қызылорда» ЖШС бизнес-тренері Наталья Мишукова шағын және орта бизнестің  дамудағы әлеуеті  жайлы айтты.
     Айта кетейік, «Агроэкспресс» оқу семинары өңірдегі кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарды тәжірибе алмасып, нарықтық қатынастарға сай бизнесті дамытудың жолдарын үйретуге мүмкіндік береді.
    «Жаңақорған ауданы облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша көш бастап тұр. Өткен жылы ауданымызда «Агро-индустриялдық аймақ» құрылып,  кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасалуда.  Ауданда шағын және орта бизнестен 3338 субъекті тіркелсе, оның ішінде белсендісі - 3171 немесе 95 пайыздан жоғары. Бұл – аймақтағы ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, тарихи ескерткіштерге қызығушылық танытқандар үшін туристік кластерді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Биыл бес ауылдық округте – Манап, Қандөз, Төменарық, Ақүйік және Қаратөбе ауылдық округтерінде инфрақұрылым мәселелерін шешуге жергілікті бюджеттен «Агроиндустриялдық аймақ» құруға қаражат бөлініп отыр»,- деді аудан әкімі Ғ.Әміреев.
    Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясының филиалы және Қоғамдық кеңес 2018 жылды облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялау туралы бірлескен шешім қабылдаған болатын. Жаңақорған ауданы алғашқылардың бірі болып аумағы 50 гектар «Агроиндустриялдық аймақ» құрды. Семинарға қатысушылар агро-индустриялдық аймақ жұмысымен және «Жаңақорған» шипажайымен танысты.
    Күннің екінші жартысында тарихи орындарға саяхат жасады. Қатысушылар «Төлек ата», Қылышты ата» және «Қорасан ата» кесенелеріне барды. Айтпақшы, өткен жылы туристік саланы дамыту мақсатында тарихи орындарға баратын жол толық асфальтталған. Болашақта мұнда туристерге арналған «Ақтас» мешіті және көрші Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бару саяхатын ұйымдастыру кешені қызмет көрсететін болады.
    Анықтама үшін: 2017 жылы Жаңақорған ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша (несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау) жалпы сомасы 101,8 млн. теңгені құрайтын 7 жоба, екінші деңгейлі банктерді қарауға арналған 2 жоба қаржыландырылды. 79 бизнес-жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан несие алды. Биылғы жылы несиелер саны 3 есеге артады. Бұдан басқа, мемлекеттік гранттарға 17 кәсіпкер қатысты, оның ішінде жалпы сомасы 7 млн 50 мың теңгені құрайтын 6 жоба грантқа ие болды.




16 ақпан 2018 ж. 679 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области