Сейсенбіде ауа райы құбылмалы болады
Kyzylorda-news.kz. 23 наурыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің орталығы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Антициклон жотасының әсерінен солтүстік-батыста ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады. Өңірлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел, оңтүстікте найзағай болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болады, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, тұман болжанады. 15-20 м/с күшпен соғатын желдің жылдамдығы таңертең және күндіз 23-28 м/с артады.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Желдің екпіні Ақмола облысында 23 м/с, Қарағанды облысында 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының күндіз кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықта жел, тұрады. Жалаңашкол ауданында екпіні 28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады. 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысында желдің екпіні ың күндіз 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан обллыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.