Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 28 ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

28 ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

28 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, солтүстікте көбіне қар жауады. Республиканың тек оңтүстік-шығысында бейсенбі жауын-шашынсыз өтетіні күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сүйенсек, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында сондай-ақ тұман болжанады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Ақмола облысының жекелеген жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 28 м/с артады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

28 ақпан 2019 ж. 389 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области