Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

25 ақпан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жауын-шашын жауады, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік шығыста дүйсенбі жауын шашынсыз өтеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.
Жамбыл, Түркістан, Актөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының Жармин ауданында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с артады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықтағы желдін екпіні 28 м/с күшейді.

25 ақпан 2019 ж. 508 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области