Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Синоптиктердің сәрсенбі күнгі ауа райы болжамы

Синоптиктердің сәрсенбі күнгі ауа райы болжамы

20 ақпан күні Қазақстан аумағымен фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қатты жауатыны болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, 25 м/с жылдамдыққа дейінгі жел күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел, түнде кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Түнде Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с бақыланады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 18 м/с күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с дейін күшейеді.

20 ақпан 2019 ж. 453 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области