«30 игі іс»: Қызылордада ҚАЖ қызметкерлер көшет отырғызды

Көктем келіп, көк шыға көшеттерді отырғызу маусымы да басталып кетті.
Жасыл желек жанға сая деген ұранмен Қызылорда қаласындағы «Қарттар үйі» ауласына мекеме қызметкерлері тал отырғызды.
Көшет – келешек сая болар бәйтерек. Бабымен нәр берсең, тіршіліктің сәніне айналады. Көне көз қарттарымыз бұл игі іске риза болып, батасын берді.
