Қызылорда қаласының тұрғынын ұрып-соғып, заттарын тонаған күдікті ұсталды

«Басқарма полицейлерінің жедел-іздестіру шараларының арқасында күдікті азамат ретінде, облыс орталығының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі 1 тармағымен (Тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Күдіктіге қатысты, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.