Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада алаяқтық қылмыс көбейген

Қызылордада алаяқтық қылмыс көбейген

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан облыс тұрғындары алдында есеп берді.

Есептік кездесу полиция департаментінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтті.

«Полиция департаментінің қызметкерлерімен жыл бойы атқарылған шаралардың нәтижесінде аймақта қылмыстық ахуал тұрақты, қылмыс саны төмендеді. 10 мың халыққа шаққанда қылмыс деңгейі республикада 83 бірлікті құраса, облыста бұл көрсеткіш 46-ны құрап, республикадағы ахуалы ең тұрақты аймақтың біріміз», – деді Бектөре Сұлтан.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында ресми түрде жаңа сервис – «102» мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Департамент бастығы бұл қосымшаның ерекшелігі туралы айтып, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюы, қылмыстарды ашудағы тиімділіктің артатындығын сөз етті.

Есеп беру барысында департамент бастығы соңғы уақытта алаяқтық фактілерінің көбейгендігін айтты. Есепті мерзімде 641 қылмыс тіркелді. Олардың басым бөлігі пәтер, жер учаскесін алу, жұмысқа орналастырумен байланысты. Интернет-алаяқтық жағдайлары да көбейді. Бектөре Сұлтан осы санаттағы қылмыстардың көбейгендігін айта отырып, облыс тұрғындарын сақтық шараларға ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.

Тікелей эфир кезінде департаментке жалпы 50-ден астам сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Тұрғындардың бірі белгілі бір аймақтарда жылдамдық өлшеуіш құрылғыларын орнату, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу, зейнеткерлікке шығу тәртібі және жекелеген қылмыстық істер бойынша мәлімет алғысы келсе, енді бірі полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ел тыныштығын қорғау жолындағы қиын да жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

Бектөре Жеңісбайұлы тікелей эфир барысында тұрғындардан түскен сұрақтар мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, зерделеп, арнайы құрылған топқа тапсырма берді. Барлық өтініштер Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауына алынды.
25 наурыз 2021 ж. 202 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области