Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бизнестің негізгі мәселелері қандай?

Қызылордада бизнестің негізгі мәселелері қандай?

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі өңір бизнесінің негізгі мәселелерін атап көрсетті. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Болат Нұрхожаев «Атамекен» ҰКП жанындағы республикалық кеңесте айтты.

Қызылорда облысында бизнес өкілдерінің құқығын қорғау бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Болат Нұрхожаев кәсіпкерлерден түскен арыздарға жасалған талдау барысында жиі кездескен проблемаларға қатысты ұсыныстарын да берді.

Облыстық кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы ауылда кәсіпкерлікті ашуда мүмкіндігінше бюрократиялық жолдарды алып тастап, жеңілдету қажет деп санайды. Ол үшін мысалын да келтірді.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында 550 мың теңге грант алған азамат ісін ашу үшін жылжымайтын мүлкінің нысаналы мақсатын өзгертуі қажет, одан бөлек жер телімін сатып алу қажет. Оның құжаттарын әзірлеуге кемі 6 айдан 1 жылға дейін уақыт кетеді. Құжаттарға кететін қаржыны қосыңыз. Басынан бұл мәселе өткен кәсіпкерлер 1 млн.теңгеге дейін шығын кетті деп отыр. Мұндай қадаммен кәсіпкерлікті дамыту қиын. Мәселенің шешімі ретінде жоғарыдағы талаптарды алып тастап, кәсібінің эскиздік жобасын жергілікті әкімдікке хабарлама ретінде беруді ғана ұсынамыз. Ол үшін сәулет-құрылыс, салық және жерге қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу қажет», – деді Болат Нұрхожаев.

Екінші проблема көлеңкелі бизнестің алдын алуға қатысты. Бүгінде кәсіпкерлікте 32 қызмет түрі бойынша патент арқылы жұмыс жасауға болады. Ол үшін айналым қаражаты 12 млн.теңгеден аспауы қажет. Қызылордалық кеңес төрағасы шағын кәсіпкерлік үшін қызмет түрлерін кеңейтіп, айналым қаражатын 20 млн.теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынды.

«Патент алған кәсіпкер түрлі есептерден арылады. Тапсыратын есептіліктерінің көптігі, әрі қиындығынан көпшілігі кәсібін тіркеп, жұмыс жасауға құлықты бола бермейді. Ал патентпен жұмыс жасағанда еркіндік алып, бюджетке түсетін салықтық түсімдер де артар еді», – дейді Кеңес төрағасы.

Республикалық кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов ұсыныстардың орынды әрі маңызды екендігіне тоқталып, шешу жолдарын қарастыратындықтарын жеткізді. Айта кету керек, өткен жылы облыстық кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің 10 отырысы өткізіліп, 19 өзекті мәселе қаралды. Нәтижесінде 13-і оң шешілді. Осылайша бизнес өкілдерінің 948 млн.598 мың теңге қаржысын сақтап қалуға қол жеткізілді. Биылғы жылы кеңестің 2 отырысы өтті.
26 наурыз 2021 ж. 140 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области