Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 сәуірден бастап Сырдария өзенінде балық аулауға тыйым салынды

1 сәуірден бастап Сырдария өзенінде балық аулауға тыйым салынды

Kyzylorda-news.kz. Бүгіннен бастап Сырдария өзенінде балық аулауға тыйым салынды.

Сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамыр аралығы, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуір мен 10 маусым аралығы, Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамыр мен 10 маусым аралығы (Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін) балық аулауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуір мен 31 шілде аралығы артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынады.

Тыныштық аймағын құру мақсатында Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 км, Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салынады.
01 сәуір 2021 ж. 168 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области