Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балық және аң аулағанда нені ескеру керек?

Балық және аң аулағанда нені ескеру керек?

Балық аулауға немесе аңшылық шыққанда қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ТЖД ақпараттық тобына сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында қаланың 3 тұрғыны балық аулауға шығып кетіп, адасып қалып, «112-құтқару қызметіне» хабарласты. Құтқарушылардың көмегімен олар 2 желтоқсанда Түркістан облысы Созақ ауданы Тайқоңыр ауылы маңынан Қызылорда қаласынан 250 шақырым жерден табылды.
Осыған орай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Балық аулау жəне шағын көлемді кемелермен аңшылық кезінде қайыққа отыру алдында қайықты мұқият қарап, ескек, ескектің тұтқасы, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған қауғаның болуына көз жеткізу қажет.
Қайыққа отыруда сақ болу керек, қайықтың ортасынан басып, орындыққа бірқалыпты отыру қажет. Қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға көшуге, сонымен қатар бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға, қайықты шайқауға, шомылуға жəне қайықтан сүңгуге тыйым салынады. Қайықтағы тұлғалар жеке құтқару құралдарын (құтқару желеті, белбеуше, кеудеше) киіп алулары тиіс.
Шағын көлемді кемелерде жеке құтқару құралдарынсыз отырып, бұзушылық жасаған тұлғаларға ескерту шарасы қолданылады немесе бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 583 - бабы) салынады. Түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады.
Шағын көлемді кемелермен аңшылыққа шыққан кезде жəне балық аулау кезінде сақтауға тиісті қарапайым ережелер:
1) өзімен бірге дəрі–дəрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралы болуы тиіс;
2) балық аулар алдында немесе аңшылықты бастамас бұрын таңдап алынған жерді мұқият қарау керек;
3) спирттік ішімдік жəне есірткі заттарын пайдалануға тыйым салынады;
4) қайықтың жарамдылығын, оның құтқару желетімен жəне шеңбермен, белбеумен жабдықталуын тексеру қажет;
5) қайықта шелектің немесе суды құйып алатын кез келген ыдыстың болуы қажет;
6) балық аулау жабдықтары мен аң аулайтын құрал–саймандарды қайықтың бортына жағалай, заттарды (киім, сөмке, чемодан) қайықтың тұмсығына, артқы жағына жəне орындық астына орналастыру қажет;
Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.
24 желтоқсан 2018 ж. 1 039 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области