Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда-Жезқазған жолында қалып қойған 10 адам құтқарылды

Қызылорда-Жезқазған жолында қалып қойған 10 адам құтқарылды

Құтқарушылар адамдарды Қызылорда-Жезқазған автожолынан құтқарды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

9 желтоқсанда «Қызылорда-Павлодар-Успенка РФ» тас жолында ауа райының қолайсыздығынан, яғни көктайғақтың салдарынан жолаушылары бар автобус қалып қойған. Сол күні сағат 16:15-те ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісінен орын алған оқиға туралы хабарлама түседі.
3 құтқарушы, 1 бірлік техникасы бар құтқару тобы хабар алысымен сағат 16:45 минутта Қызылорда қаласынан шығып кетті.
«Жасақ құтқарушылары Қызылорда-Жезқазған тас жолында 84 шақырым қашықтықта 10 адамы бар, бұзылып тұрған жолаушылар "Астана-Қызылорда" бағытындағы автобусты тапты. Зардап шегушілер ыстық шаймен қамтамасыз етілді. Жасақ құтқарушылары зардап шегушілерді Қызылорда қаласына эвакуациялау жұмыстарын жүргізді», – делінген ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының мәліметінде.





10 желтоқсан 2018 ж. 497 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области