Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордаға 3 жылда 700-ден астам қандас көшіп келді

Қызылордаға 3 жылда 700-ден астам қандас көшіп келді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысына соңғы үш жылда шет елден 700-ден астам отандасымыз көшіп келіп, қандас мәртебесін алды. Атамекенге аңсары ауған қандастырымыздың басым бөлігі Өзбекстан және Ресей елінен келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ОПД Көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сағындық Қамитбеков мәлімдеді.

«Бүгінде басқарма тарапынан 21 мың 500 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның 21 242-сі электронды, ал 258-іне қағаз түрінде жауап берілді. Ал облысқа жыл басынан бері 311 шетел азаматы келіп, уақытша тіркеуге алынды. Олардың дені жұмыс істеуге келген. Бұған қоса, аймақта мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлерді, көп балалы аналарды құжаттандыру үшін арнайы мобильді топ ұйымдастырылды. Бүгінгі күннің өзінде 160 тұрғынның құжаты әзірленді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады», – деді Сағындық Убайдуллаұлы.
02 сәуір 2021 ж. 132 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области