Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл 13 мың қандасымыз тарихи Отанына оралды

Биыл 13 мың қандасымыз тарихи Отанына оралды

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айтуынша, атамекенге көш түзегендердің көпшілігі Өзбекстан, Қытай, Монғолия және Түркіменстан елдерінен келген қандастар. Бүгін елордада ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын реттеу мәселелері талқыланды. Бір өкініштісі, соңғы бес жылда қөші-қон ағынымен елден кеткендердің саны артқан. Өткен жылдың өзінде Қазақстаннан 29 мың адам көшкен. Шеттен келгендердің басым бөлігі тарихи Отанына оралған өзге ұлт өкілдері болса, қалғандары жоғары білім мен жайлы тіршілік іздеп кеткен азаматтар. Сонымен қатар елімізде сырттан келіп жұмыс істейтіндер саны артқан. Бүгінде қазақстандық 2200-ден астам кәсіпорында 21 мыңнан астам шетелдік азамат ресми рұқсат алып, жұмыс істеп жатыр.
«Қазақстанның негізінде осы көші-қонға қатысты көптеген зерттеулер, ұсыныстар жасауға болады. Біздің елімізде шетелдік азаматтар жұмыс істейді. Тек компанияға ғана емес, жеке компанияға жұмыс істеуге келетіндер бар. Сыртқа көшіп кетіп жатқандар бар. Бізде этникалық қазақтарды, қандас бауырларды тарихи Отанына оралуына жағдай жасау жөнінде Қазақстан әлемде санаулы елдердің бірі. Сондықтан Халықаралық көші-қон ұйымының бізге қызығушылық танытып жатқаны содан», - дейді Біржан Нұрымбетов.
07 желтоқсан 2019 ж. 261 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области