Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 4 сәуірде ауа райы қандай болады?

4 сәуірде ауа райы қандай болады?

Kyzylorda-news.kz. 6 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты елімізде ауа-райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, батыста нөсер жауады, тек оңтүстікте күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, батыста шаңды дауыл соғады.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
06 сәуір 2021 ж. 159 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области