Қызылордада үш жатақхана салынды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Қаржы орталығы» АҚ Жобаларды ілгерілету департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин мәлімдеді.
Қаржы орталығы өңірлердегі студенттерге қажетті жатақхана орнын зерттейді. Ұсыныстарды жинақтайды. Бағдарлама үш жыл бұрын басталды. Ел бойынша 75 мың орындық жатақхана салу қажеттігін анықтады. Ал облыс студенттеріне нақты 1320 орындық жатақхана керек екен.
«Қазіргі кезде облыс кәсіпкерлерінің көмегімен бұл мәселенің жартысынан көбі шешілді. Соның ішінде, жеке кәсіпкер «Сүйеніш» ЖК 414 орындық, «ДиЛМАШ » ЖШС-і 330 орындық, «Болашақ» университеті 372 орындық жатақхана салды. Сонымен бірге, бала санының артуынан мектептерге деген сұраныс артуда. Сол себепті де жатақхана немесе жеке мектеп салуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетуге дайын», -деді Алпамыс Айдарұлы.
Бүгінде өңірде 7 жеке білім ошағы жұмыс жасауда. Бұған қоса, жаңадан үш мектеп пайдалануға берілді.