Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚИЫНДЫҚ ТУДЫРМАУЫ КЕРЕК

ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚИЫНДЫҚ ТУДЫРМАУЫ КЕРЕК

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанандағы «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты Сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағытын жүзеге асырудағы аймақтық комиссия өкілдері студенттерді жатақханамен қамтамсыз ету мәселелерін жан-жақты талқылап, осындай шешімге келді.
  «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің үшінші бастамасы «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға» бағытталып отыр. Ол үшін елімізде 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу көзделген. Бұл бағытта Сыр өңірінде қарқынды жұмыстар бар. Нәтижелі жұмыстарды отырыста облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Қасымова таныстырып өтті.
  -Өңірде соңғы 2-3 жылда облыс әкімдігінің қолдауымен колледждердің оқу ғимараттары, оқу-өндірістік шеберханалары мен жатақханаларына күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, студенттердің игілігіне пайдалануға берілді. Осы жұмыстарға 2016 жылы жергілікті бюджеттен 282,0 млн. қаржы қаралса, 2017 жылы 432,6 млн. теңге қаржы бөлініп, өңірдегі 6 колледждің оқу ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, 600 студентке арналған 200 орындық жатақханасы бар С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің жаңа кешенінің құрылысын жүргізу үшін тәуелсіз бағалау конкурсына қатысуға жұмыстар жасалып жатыр»,- деді Ақзира Қасымова.
  Жалпы өңірде техникалық және кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын 30 колледж жұмыс жасайды. Оларда 97 мамандық, 163 біліктілік бойынша 22480 студент білім алуда. 17 колледждің білім алушылары жатақханамен толық қамтылған. Дегенмен жиын барысында білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Қасымова жатақхана қажеттілігі туындап отырған оқу орындарының бар екендігін және бұл бағытта жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
- Жалпы өңірдегі 30 колледждің 16-ы мемлекеттік, ал 14-і жекеменшікте. Алайда, 16 мемлекеттік колледждің 5-де жатақхана жоқ, 1-не қосымша жатақхана құрылысын салу қажет етіледі. Жалпы қажеттілікті есептесек, 975 орынды құрады. Бұл мәселені шешу мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде қолға алынуда»,- Ақзира Қасымова.
Жалпы жиынды қорытындылай келе комиссия мүшелері жатаққана мәселесі студенттерге қиындық тудырмауы қажеттігін алға тартып, оның орындалуын бақылауда ұстайтын болып шешті.                                                                                                                  

27 сәуір 2018 ж. 724 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области