Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Ғарышқа сапар» атты мерекелік концерт өтті

Қызылордада «Ғарышқа сапар» атты мерекелік концерт өтті

Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында адамның ғарышқа алғашқы ұшуына 60 жыл толуына орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен, этномәдени бірлестік өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Концертке қала тұрғындары, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен белсенділері, жастар қатысты.

Мерекелік концерт аясында ғарышты көрген тұңғыш адам – Юрий Гагарин, әлемдегі ғарышқа ұшқан жалғыз әйел – Валентина Терешкова туралы қызықты мағлұматтарға толы бейнесюжеттер көрсетілді. Одан бергі уақытта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Соның ішінде Қазақстанның үш азаматы Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы деректер айтылды.

«Ғарышқа сапар» мерекелік кешіндегі әсем ән, әдемі би көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
08 сәуір 2021 ж. 174 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области