Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕРЕЙТОЙ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БАСҚОСУ

МЕРЕЙТОЙ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БАСҚОСУ


Достық үйінің конференц-залында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – Ұлы дала Елордасы» атты мерекелік басқосу өтті.
Аталған шараға облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Уалихан Ибраев, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Жастар қанатының, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова өзінің алғы сөзінде қатысушыларды мерекемен құттықтады. Мұнан әрі Астананың Қазақстан Республикасының қалай астанасы болғандығы жөнінде видеоролик көрсетілді.
Шарада этномәдени бірлестік және облыстық ҚХА құрылымдары жетекшілері жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, Елорданың құрдасы, облыстық ҚХА Жастар қанатының белсендісі Руслан Ризманов патриоттық ән орындаса, "Мың бала" жобасының қатысушылары Астана жайлы өлеңдер оқыды.
Мерекелік басқосу пікіралмасумен жалғасты.
Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауда, өңіріміздегі мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда қосқан елеулі үлестері үшін этномәдени бірлестіктер мен облыстық ассамблея құрылымдарының белсенділері облыстық ҚХА-ның Алғыс хаттарымен марапатталды.


05 шілде 2018 ж. 654 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области