Шиеліде бокстан республикалық турнир басталды

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков пен Ә.Шорабаевтың әпкесі Әтіркүл Шорабаева сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Үш күнге созылатын турнирге Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 200-ден аса спортшылар қатысуда.
Бұл турнир бұған дейін облыстық деңгейде 4 рет, Республикалық деңгейде 5 рет өткізілді. Жарыс жыл өткен сайын құлашын кеңге жайып, облыстың барлық аудандарынан, еліміздің әр аймағынан спортшылардың асыға күткен дүбірлі додасына айналды. Жарыс үш күнге созылады. Марапаттау салтанаты 10 сәуірде өтеді.