АРАЛДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ
Бүгін Арал қаласындағы орталық стадионда еркін күрестен 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында белгілі спортшы, кәсіптік білім беру саласының үздігі Мүсенов Сақытжан Сыражатұлын еске алуға арналған республикалық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі М.Оразбаев: «Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей туған еліне, туған жеріне еңбегі сіңген тұлғаларды өмірден өтсе де, еске алып, кейінгі ұрпаққа насихаттау керек екендігін айтты. Сондай-ақ, Сақытжан Сыражатұлының ауданның спорт саласына сіңірген еңбегіне тоқталып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Одан кейін С. Мүсеновтің отбасы атынан інісі Ахметжан Мүсенов турнирді ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, шынайы ықыласын жеткізді.
Аталмыш турнирге Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан келген 185 жас балуан бақ сынауда.