Жалағашта әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы өтті
Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен бүгін Жалағаш аудандық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына «Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Сермағамбетов Серік, «Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бәйімбетов Марат, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Қызылорда облысы филиалының төрағасы Үмбетова Раушан, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ҚБ Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Гүлнар Есқалиева, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Толыбай Жүсіпов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы, аудандық бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер, шаруашылық басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Комиссия отырысында Қызылорда облысы көлемінде әлеуметтік әріптестік аясында облыстық кәсіподақтар орталығы тарапынан әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеуде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсаттар туралы Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Сермағамбетов Серік, ауданда әлеуметтік әріптестік аясында халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, лайықты еңбек жағдайлары мен жалақыны қалыптастыруға, әлеуметтік саясатты нығайтуға бағытталған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Еспенбет Жасұлан хабарлама жасады.
Жиын соңында аудан көлемінде жұмыс жасап жатқан ірі және орта бизнес өкілдер арасындағы қызметкерлердің жұмыспен қамтылуы, еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау және өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өткізілді.