ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ
Облыс орталығындағы №212 мектеп-гимназиясында «Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне» орай әдістемелік семинар өтті.
Оған Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Серік Сермағамбетов, облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Гүлнар Есқалиева, қалалық білім бөлімінің қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Орынша Алимбетова және қала мектептерінің техникалық инспекторлары қатысты.
Шара барысында №212 мектеп-гимназия директоры Кабира Тилеуова ұжымдық шарттың орындалуы туралы мәлімет берсе, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлзира Сүлейменқызы өз тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар №112 мектептің бастауыш кәсіподақ төрайымы Айгүл Сармолдаева еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің жұмысына тоқталды.
Семинарды қорытындылаған облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Серік Сермағамбетов №212 мектептің 50 жылдық мерекесіне орай ізгі тілегін білдірді.