Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Қызылорда: Карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың саны азаймай отыр. Салдарынан «сары аймаққа» енді. Сәуір айының алғашқы жеті күнінде 201 жағдай тіркелді. Көрсеткіш төмендемесе карантин талаптары күшейтіледі.

«Бізді 1 жасқа дейінгі сәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады. Бұл сақтық шарасына салғырттық танытып жүргендіктің салдары. Осылай жалғаса берсе карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр боламыз», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Бүгінде мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында күн сайын тексеріс жүргізуде. Аталмыш жұмыстар аясында мыңнан аса нысан мен үйлер араланып, карантин талаптарын бұзғандарға әкімшілік шара қолданылуда.

Айта кетейік, өткен тәулікте аймақта 43 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
09 сәуір 2021 ж. 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области