Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 10 сәуірге арналған ауа райы болжамы

10 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 10 сәуір күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Қазгидромет.

ҚР территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын жауады. Қалған аймақтарында жаңбыр жаумайды, күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз жел қарқыны 15-20 дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жел жылдамдығы – 23 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейіп, кей жерлерінде тұман бақыланады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел қарқыны – 15-20 м/с. Аймақта шаңды дауыл соғады.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады. Таңертең және күндіз Маңғыстау облысында теңіз жағалауында тұман түседі.

Атырау облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
10 сәуір 2021 ж. 130 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области