9 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 9 сәуір күні ел аумағында ауа райы құбылмалы болатынын болжады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын жауады.
Тек оңтүстік бөлігінде күн ашық болады.
Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Республикамыздың оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте көктайғақ болады.
Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады.