27 наурызға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. 27 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр, оңтүстіктің таулы ауданында қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста сондай-ақ жаяу бұрқасын соғып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, желдің күші 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с артады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Түнде Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Маңғыстау, таңертең және күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз Павлодар облысында 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады.