Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Асқар Мамин: Әкімдер жедел шектеу шараларын қабылдасын

Асқар Мамин: Әкімдер жедел шектеу шараларын қабылдасын

Kyzylorda-news.kz. Үкімет басшысы Асқар Мамин өңір әкімдеріне індеттің өршуіне байланысты жедел шектеу шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамин пандемиямен байланысты жағдай күрделі екенін атап өтті. Қазірдің өзінде сегіз аймақ «қызыл аймаққа» кірді. Ауруханалардағы орындардың 41%-і, ал реанимациялық орындардың 27%-і науқастарға толды. Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,15%.

«Осыған байланысты әкімдер жедел шектеу шараларын қабылдасын. Барлық емдеу мекемесі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толығымен қамтамасыз етілуі керек. Өңірлерде санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтауды күшейту қажет», – деді премьер-министр үкімет отырысында.

Мамин сәуір, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында, жоспар бойынша ай сайын 2 миллион адамды вакциналауды тапсырды. Ол үшін денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакциналаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, халыққа вакциналаудың маңыздылығын түсіндіруді жалғастыруы қажет.
12 сәуір 2021 ж. 168 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области