Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада сәуір айының аяғында «Qazcovid-in» вакцинасы әкелінеді

Қызылордада сәуір айының аяғында «Qazcovid-in» вакцинасы әкелінеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 10 659 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Ертең тағы да «Спутник V» вакцинасының бес мың дозасы келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.

Сондай-ақ, аймаққа сәуір айының аяғында «QazCovid-in» вакцинасы әкелінеді.

«Жалпы шілде айына дейін 80 мың адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы – вакцина салдыру. Әрине, екпе ерікті түрде жүргізіледі. Дегенмен ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. Сол себепті барша халықты коронавирус инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын сақтауға, екпе салдыруға шақырамын», – деді облыстың бас дәрігері.

Қазіргі таңда 9 ПТР аппараты жұмыс істейді. Тәулігіне 1000-1100 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындаған жағдайда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге мүмкіндік бар.
12 сәуір 2021 ж. 233 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области