Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасиетті Рамазан айы басталды

Қасиетті Рамазан айы басталды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Биыл, 2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.

Ораза деген не?

Рамазан айы – Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Исi мұсылман қадiр тұтатын қасиеттi Құранның алғашқы аяттары да Алла тарапынан рамазан айында түсiрiле бастаған. Сондықтан, Рамазан айы – Құранның, құлшылық пен тәуба, кешiрiмнiң айы.

Бiр ай бойы iшiп-жеуден ғана емес, өтiрiк-өсек айту, бiреудi сыртынан ғайбаттау, бейәдеп сөздер мен қылықтар сияқты адамгершлiк қаиғадаларына жат әдеттерден аулақ болу керек. Ораза ұстаған адамда Алладан қорқу, Оны сезiп тұру, тақуа сезiмi пайда болады. Ораза нәпсiнi тiзгiндеп, жүректi тазартады. Жүректе Алла Тағалаға деген сүйiспеншiлiктен басқаға орын қалмайды. Ораза ұстаушының күнәлары кешiрiлiп, сабырлылығы мен кешiрiмдiлiгi артады. Аштықты басынан өткiзген адам кедейлер мен кембағал жандарға жақсылық iстеу керектiгiн жүрегiмен сезiнiп, түсiнедi. Алла Тағала баршаңызды рамазан оразасын шын ынта-ниетiмен ұстаушылардан, қиямен күнiнде солар ғана кiретiн, әр-Райиан есiгiнен кiрушiлерден етсiн. Қасиеттi рамазан айы мүбарак болсын!

Оразаның пайдасы

Ораза – адам үшiн ең керектi дәрi, рухани әрi материалдық, медициналық диета. Адамның тынбай iшiп-жей беруi оның денсаулығына зиян. Рамазан айындағы ораза он бес сағатты, сәресi iшiлмесе, жиырмаға жуық сағатты құрайды. Осыншама уақыт аштыққа төтеп беру шыдамдылық пен төзiмдiлiктi шынықтырады. Демек, ауыз бекiтiп, ораза ұстаудың рухани және дiни тұрғыдан да, адам ағазасына медициналық тұрғыдан да келтiретiн пайдасы зор. Мысалы, ораза ұстау iшек ауруларына ем ретiнде кеңiнен қолданылады. Кейбiр терi ауруларының жақсаруына, асқазан мен iшек жұмыстарын жеңiлдетуге де септiгi мол. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабетi), жүрек пен тамыр ауруларына адам ағзасының қарсы тұру қабiлетiн де жақсартады. Әлемге танымал ғалым, медицина ғылымдарының докторы Алекс Каррел: «Белгiлi бiр уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлердi, терi астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы (клеткаларындағы) протеиндердiң белсендiлiгiн арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүректiң бiртұтастығын қорғау үшiн жанын сала әрекет етеді. Мiне, осылайша ораза тканьдердi тазалап, өзгертiп отырады» деп жазған. Негiзi адам бойындағы шайтани әрi нәпсiқұмарлық сезiмнiң оянып, қозуы ағзадағы жыныстық гормондардың әсер ету күшi мен олардың мөлшерiне байланысты. Ал ораза осындай гормондардың қандағы мөлшерiн азайтатындықтан, адам бойындағы құмарлық сезiмдi басады.

Ораза тыйым салады

Оразаны бiле тұра әдейi бiр нәрсенi iшiп-жеу, жыныстық қатынас жасау, әдейiлеп құсу бұзады. Егер адам ораза ұстап жүргенiн ұмытып кетiп, аузына ас салса ораза бұзылмайды. Түтiн, шаң, қар түйiршiктерi мен жаңбыр тамшылары сияқты басқа да жеуге жарамайтын нәрселер байқаусызда аузына түсіп кетсе, ауаға тез таралып кететiн нәрселердi ерiксiз иiскеу немесе iшке тарту, көзге сүрме жағу (макияж), қош иiстi гүл мен әтiрлердi иiскеу де (әдейілеп құшырлана иіскеуге болмайды) оразаға зиянын тигiзбейдi. Қан алдыру, сүлiк салдыру, тiс жұлдыру (ауыздағы қан немесе дәрi тамақтан өтiп кетпеуi тиiс), құлаққа және көзге дәрi тамызу, құлаққа су кiру де зиянын тигізбейді. Ал мұрынға дәрi тамызса, ораза бұзылып, қазасы өтеледi. Сонымен қатар әйелдер ораза ұстар кезде хайыз бен нифастан таза болуы шарт. Олай болмаған жағдайда ғұсыл дәретiн алғаннан кейiн ораза жалғастырылып, кейiн хайыз болған күндердiң қазасы өтеледi.

Пiтiр садақасы

Садақаны ораза басталысымен беруге болады. Аяғы ауыр әйелдер, жазылмайтын дертке ұшырағандар мен денсаулығы жарамайтын адамдар ауыз бекiтпей-ақ, ораза ұстауға мiндеттi әрбiр күнi үшiн пiтiр садақа беруге болады. Алла Тағала бұл туралы: «Ораза ұстауға шамасы келмейтiндер бiр жарлының тамағын төлесiн» дейдi (Бақара сүресi, 2/184).

Ал пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Тарауық намазы

Тарауық – Рамазан айына ғана тән 20 рәкаттық намаз. Ол «тынығу, демалу, рахаттану» деген мағынаны бiлдiредi. Рамазан айында Тарауық намазын оқу Ислам рәмiзiне жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кiмде-кiм Рамазан намазын (тарауихты) шын көңiлiмен сауабын Алладан күтiп оқыса, оның өткен күнәлары кешiрiледi» деп үмметтерiнiң сауабы мол намазды оқуға деген құлшынысын арттыруға тырысқан.Тарауық намазы құптан намазынан кейін оқылады, ал Үтір намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.

Қадiр түнi

Ләйләтүл-қадр, яғни Қадыр түнi, мыңдаған айлардан артықшылығы мол, қасиетi басым осы түнi исi мұсылман Алла Тағалаға құлшылық етiп, тiлек тiлеуден жалықпауы тиiс. Жаратқан Ие Қадыр түнiнiң нақты уақытын құлдарына әдейi нақты көрсетпеген. Себебi, Алла Тағаланың шарапаты мен шапағатына, алғысына ие болуға асыққан құлдар әр түндi қасиеттi түн ретiнде қабылдауға, тынбай құлшылық етуге мүдделi. Биыл шілде айының 23- нен 24-іне қараған түні қасиетті Қадір түні.

Ескеретiн жайттар

Оразада таңертең күнде ниет ету және ұйқыдан оянып, сәресiнi iшу – сауап. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадисiнде: «Сәресi тамағы – берекет. Бiр жұтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткенi Алла Тағала сәресiде тамақтанғандарға рақымдылық етiп, перiштелерi де олар үшiн кешiрiм тiлейдi» деген. Ақшам намазын кешке ауызашардан кейiн оқу да – сауапты iс. Сонымен қатар «Мен – оразамын» деу де сүннет. Егер бiреу ораза ұстаушыға дауыс көтерiп сөйлесе, керiскiсi келсе, «мен – оразамын» деп ескертуi тиiс. Ораза мүбәрәк болсын, ағайын!

Дұғалар

Оразаға ниет: Алла Тағала үшін мүбәрак Рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім.

Сәресіде ауыз бекітерде оқылатын дұға: «Науайту ан асума соума рамадана минал фажри иләл мағриби, халисан Лиллаһи таъала, Аллаһу акбар» (аудармасы: Алла ризашылығы үшін ниет еттім, Рамазан оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін тұтпаққа, Аллаһу акбар)Сәресін ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

Кешке ауызашарда оқылатын дұға: «Аллаһумма ләкә сумту уә бикә аманту уә ъалейкә тауәккәлту уә ъалә ризкикә афторту уа ли соуми ғодин мин рамадана науәйту» (аудармасы: Жаратушы Ием, Сенің ризашылығың үшін ораза тұттым, Саған иман еттім, Саған тәуекел етем, Сенің берген ризығыңмен аузымды ашамын, ертеңгі рамазан оразасына ниет етем). Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.
13 сәуір 2021 ж. 143 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области