Аллея ашылды: Қызылордадағы тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл болды

Аталған іс-шаралар қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әңгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді.
«Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайтынын айтып өткен жөн. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елді ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы ретте, тексеру комиссиясымен бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Туған жеріміздің табиғатына қорған болып, көркейтіп, жасыл желек пен гүлге орап, бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі көрсетіп, осындай игі істерімізбен мәңгі өшпестей жарқын із қалдырсақ дейміз», – дейді тексеру комиссиясының қызметкерлері.