Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік аудиттегі бағалау және сапа бақылауының маңыздылығы

Мемлекеттік аудиттегі бағалау және сапа бақылауының маңыздылығы

Kyzylorda-news.kz. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V ҚРЗ Заңының 24-бабына сәйкес, «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аудиторлар өз қызметі барысында жасайтын құжаттарды тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты түрде тексерулер жүргізу арқылы сапа бақылауы жұмысы жүргізіледі.

Ол үшін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы №5-НҚ қаулысымен бекітілген 750 «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты» (бұдан әрі – Стандарт) Стандартты басшылыққа алып қолданылады.

Стандарттың мақсаты мемлекеттік аудиторлар өз қызметі барысында жасайтын құжаттарды тәуекелдері басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан сапа бақылауын жүргізу болып табылады.

Ол дегеніміз, аудиторлық, сараптамалық-талдау қызметінің барлық кезеңдері, мемлекеттік аудиторлар жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша берілген материалдарға (қорытындылар), сапа бақылауын жүргізе отырып, сапаны бақылау шеңберінде анықталған бұзушылықтарды көрсету кезінде заңнаманы қолданудың дұрыстығына, бұзушылықтар растайтын құжаттардың бар-жоғына, Мемлекеттік аудиттің қортындысы бойынша тұжырымдар мен нұсқамасында ұсыныстардың негізділігіне сараптама беруде.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері алдынғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен ұсыныстары бойынша қабылданған шаралардың нәтижелерін талдау, мемлекеттік аудиттің сапасын бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық іс-шараларға бағалау, аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалар тармақтарының орындалуы толықтығы немесе олардың орындалу мерзімдерін ұзартудың негізділігін бағалау және олардың орындалуы бойынша сараптамалық қорытынды дайындауды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, талдаудың қортындылары бойынша Тексеру комиссиясы Қаулылардың (Нұсқамаларының) орындалу сапасы жөнінде жинақталып қорытылған ақпарат ұсыну және өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз ету де сапа бақылауының бір бөлігі болып табылады.

Осылайша, сапа бақылау тарапынан өзіне жүктелген міндеттер мен талаптарды орындау мақсатында жүргізілген аудиторлық іс-шараның барлық кезеңіне қатыса отырып, аудиторлық іс-шара шеңберінде қабылданатын құжаттардың сапалы, дәйекті, толық, уақытылы қабылдануына зор ықпал жасап отыр.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қолдауға бағытталған Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен Дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттың тиімділігін бағалауға қатар тексеру жүргізуге қатысып, аудит нәтижелерінің қорытындылары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынылды.

Сонымен қатар, сапа бақылау «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген 1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес есепті мерзім қорытындыларымен бағалаулары жүргізіліп, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне тиісті мерзімдерінде ұсынылып, қорытындысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен «тиімді» деген бағамен бағаланып келеді.

Сапа бақылау бұл өз кезегінде жалпы мекеменің тиімді және нәтижелі жұмыс жасауына оң әсерін тигізері сөзсіз.

А.Жақсылық,

Қызылорда облысының әділет

департаментінің бас маманы
20 қараша 2020 ж. 192 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области