Қызылордада 15 сәуірден бастап жылу тоқтатылады
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің шешіміне сәйкес 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымы 15 сәуірден бастап аяқталады.
Осыған орай, жылу желілерінде +95С дейін жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурасына және 16 кгс/см2 дейінгі қысыммен жылу желілерінің тығыздығына гидравликалық сынақ өткізілетін болады.
«Сынақ кезінде желілік судың ағуы және құбырлардың үзілуі анықталған жағдайда диспетчерлік қызметке 25-00-45, 25-01-04, 8-776-869-20-53 немесе қалалық коммуналдық шаруашылық қызметінің диспетчерлік қызметіне – 109 телефоны бойынша дереу хабарлау қажет», – делінген хабарламада.