Қызылорда қаласында жылу беру маусымы аяқталды

«2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымының аяқталуы және қаланың жылу желілерінің тығыздығын сынау жүргізу туралы» Қызылорда қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №889 шешіміне сәйкес 16 сәуір күні сағат 00-ден бастап Қызылорда қаласында жылу беру маусымы аяқталды. Осыған орай, Қызылорда қаласының негізгі энергия көздері «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК жылу энергиясы өндірілуі тоқтатылды. Жылу электр орталығы (ЖЭО), қазандықтар, оның ішінде АБМК тоқтатылды және электр станциясының және жылу энергиясының басқа да көздерінің жылуфикациялық жабдықтары өшірілді», делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында жылыту маусымы авариясыз өткен. Жылу беру маусымының қорытындысы арнайы отырыста қосымша қаралатын болады.