Қазалы ауданында жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтіп жатыр
Kyzylorda-news.kz. Әйтеке би кентінің тұрғындарына «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесі арқылы белгіленген тәртіпте жылу беріліп жатыр.Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің хабарлауынша 2020 жылғы 15 қаңтарына сыртқы ауаның орташа температурасы -1 градус болғанда жылу желісіне су беру температурасы 59,0 градус Цельсияны, кері су 46,0 градус Цельсияны құрады. Жылу желілерінде белгіленген температуралық кесте кезінде 56,0 градус Цельсий мен 45,0 градус Цельсий құрады және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының отын-газында №2,3,4 қазандық жұмыс жасап, №1 қазандық резервте тұр.
Энергия көзіндегі отын – мазуттың пайдалану резервтік (апаттық) қорының көлемі талаптарға сәйкес келеді және барлық 4 қазандық агрегаттары кезінде 12 тәулікке қазандықтың үздіксіз жұмыс істеу қорын қамтамасыз етеді.