Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдариядағы пробация қызметі сотталғандарды жұмысқа орналастырды

Сырдариядағы пробация қызметі сотталғандарды жұмысқа орналастырды

Kyzylorda-news.kz. Сырдария аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде өткен жәрмеңкеге қатыстырды. Бос жұмыс орындарының қорытындысымен, есептегі бес азамат квота бойынша жұмысқа орналасты. Олар «Углесбыт» ЖШС, «Омарова» ЖК, «Мәді-Қажы» ЖШС, «Жәрдем» ЖШС мекемелеріне жұмысшы ретінде жолдама алды.

Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі.

«Пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Сырдария ауданы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Бүгінгі бес азамат жұмысқа орналастырылды. Жалпы аудандық пробация қызметінің есебінде 41азамат есепте тұр. Соның ішінде 5 азамат жеке кәсібін ашқан. Оның бірі мал шаруашылығымен айналысса, бірі май құю бекетін ашып, кәсібін одан әрі дөңгелетіп отыр»,- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны А.Сақыбеков.
15 сәуір 2021 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области