Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ АРАЛ ӨҢІРІН ДАМЫТУҒА 3 МЛН ДОЛЛАР БӨЛЕДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ АРАЛ ӨҢІРІН ДАМЫТУҒА 3 МЛН ДОЛЛАР БӨЛЕДІ


    Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Арал өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға 3 млн доллар бөлуге ниетті. Бұл туралы Арал өңірінің мәселелеріне арналған халықаралық симпозиумының оқуларында БҰҰ-ның резидент-координаторы, БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
    «Дүниежүзілік банк және Халықаралық Аралды құтқару қоры және көптеген ұйым аталған мәселені шешуге өз үлестерін қосуда. Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы аталған проблеманы шешуге ниетті. Біз қызылордалық әріптестерімізбен біріккен жобаны жүзеге асырмақпыз. Қаржының көлемі – 3 млн доллар. Бұл – Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге бағытталған. Осылайша, аталған өңірдегі денсаулық саласындағы мәселелерді шеше отырып, өмір жағдайының сапасын көтеруді көздеп отырмыз», - деді Норимаса Шимомура.
    Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін аталған халықаралық ұйым Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа ұсыныс білдіріпті.
    «Аталған жобаны осыдан жарты жыл бұрын қолға алдық. Яғни бұл өңірдегі мәселені шешу үшін Қызылорда облысының әкімдігіне бірігіп жұмыс істеуге ұсыныс білдірдік. Біздің жобамыз 3 бағытқа бөлінген. Бұл – әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салалармен байланысты», - деді БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі.
    Осы орайда, Норимаса Шимомура аталған жоба Арал өңіріндегі қандай мәселелерді шешуге бағытталғанын айтып өтті.
    «Экологиялық салаға қатысты мәселеге тоқталайын. Арал өңіріндегі тұрғындар бұрын балық шаруашылығымен айналысты. Бірақ қазіргі таңда олар бұл салада жұмыс істей алмайды. Себебі, Арал теңізінің кеуіп кетуі салдарынан бұл кәсіп құлдырауға ұшырады. Осы орайда біздің мақсатымыз өңірдегі тұрғындарға ақша табудың альтернативті жолдарын іздеуге көмектесу. Біз микроқаржыландырудың механизмдерін пысықтамақпыз немесе суды дұрыс пайдаланудың жолдарын көрсетпекпіз. Бұл жұмыстар Арал өңіріндегі жағдайды жақсартуға септігін тигізеді деген сенімдеміз», - деп түйіндеді сөзін ол.
    Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев биыл Арал ауданына қомақты қаражат бөлінетінін жеткізді.

19 ақпан 2018 ж. 562 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области