Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА


    Соңғы жылдары өңірде балық шаруашылығы саласы қарқынды дамуда.
    Кіші Арал теңізінің қалпына келуі балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер жасады. 2017 жылы балық аулау көлемі  8,7 мың тоннаға дейін жетіп, оның ауқымды бөлігі балық өңдеу зауыттарында өңделуде.
    2017 жылы облыс аумағынан барлығы 3410 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Ресей Федерациясына 2171,6 тонна, Европа елдеріне (Дания, Германия, Польша, Голландия) – 910,2 тонна, ТМД елдеріне (Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан) – 268,7 тонна және Қытай Халық Республикасына  60 тонна экспортқа шығарылған.
    Үш кәсіпорын өнімдерін Евроодақ елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін «Еврокод» эскпорттаушының тіркеу нөмірін алған («СПК Қызылорда Балық» ЖШС, ЖК «Игликов», «Арал СДО» ЖШС).
    Бүгінгі күні, 10 шаруашылыққа тауарлы балық өсіру шаруашылығы статусы берілді. Негізінен кәсіпорындарда тұқы тектес және өсімдік қоректі балықтар өсірілуде.
    Қазалы ауданында «Мариям-Ақкөл», Қармақшы ауданында «Қаракөл», «Таскөл», «Қоңыраулы-көлдей» көлдерін сумен қамтамасыз етілуі мен экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында мелиорациялық жұмыстар жүргізілді.
    2017 жылы 30 маусым - 1 шілде күндері Арал ауданында Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі Арал өңірі балықшыларының халықаралық үшінші слеті өтті.
    Слетке Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының өкілдері, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы, Ресей Федерациясының кәсіпкерлері, Дания мемлекеті мен республиканың басқа облыстарынан (Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан)  делегациялар, сонымен бірге, балық шаруашылығы саласының озаттары мен ардагерлері қатысты.
    2017 жылғы 30-31 мамырда облыс әкімдігі Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясымен бірлесіп, Қызылорда қаласында бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумын ұйымдастырды.
    Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының және Орта Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және тағы басқалары қатысты.
    Форум барысында бірқатар өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ, шараның қорытындысы бойынша қатысушылар форумның қарарын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз – «Арал теңізінің күні» болып жариялау жөніндегі Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының бастамасын қолдады.

06 ақпан 2018 ж. 1 031 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области