Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » СЫР ӨҢІРІ АЛҒАШ РЕТ ҚЫТАЙҒА БАЛЫҚ ЭКСПОРТТАДЫ

СЫР ӨҢІРІ АЛҒАШ РЕТ ҚЫТАЙҒА БАЛЫҚ ЭКСПОРТТАДЫ


    Сыр өңірінде соңғы жылдары балық аулау мен өңдеу көлемі артып келеді.
    Мәселен, өткен жылы аймақта 7 мың 600 тонна су маржаны сүзілген. Ал экспортқа 3 мың 400 тонна балық өнімі шығарылып отыр. Бұған дейін Еуропа нарығын еңсерген кәсіпорындар жуырда алғаш рет өнімдерін Қытайға саудалай бастады. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлайды.
    Бұл – Еуропаға балық өнімдерін экспорттайтын Сыр өңіріндегі 3 зауыттың бірі. Мұнда тәулігіне 1 жарымнан 5 тоннаға дейін су маржаны өңделеді. Кәсіпорын өнімі биыл алғаш рет Қытайға экспортталды.
    – Бізде осы жерде Арал ауданына қарасты Бөген елді мекенінде үлкен сервистік дайындау орталығымыз бар. Тастүбек, Үш шоқы деген учаскелерде балық ауланып, жылына маусымдық және тұрақты жұмыспен қамтылған бірнеше бөлімшеміз бар,– дейді технолог Ғазиза Құлнияз.  
    Заманауи қондырғылардың көмегімен бар-жоғы 2 минуттың ішінде 20 келі балықты тазалауға болады. Одан кейін бірнеше сатылы өңдеуден өтеді.
    Жалпы Арал маңында осындай 8 балық өңдеу зауыты бар. Олар жылына 11 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Балық шаруашылығының қарқынды дамуы аймақтағы балық өнімдерінің экспортын соңғы 3 жылда 2 есеге арттыруға мүмкіндік берген.
    Облыстық табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы Жалғас Ахметовтің айтуынша өткен жылы экспортқа 3400 тонна балық өнімдері шығарылған. Оның 70 пайызы Ресей Федерациясына, 900 тоннаның үстінде Еуропа елдеріне жөнелтілді.
    Өңірде балық қорын сақтау жұмыстары да жүйелі жүруде. Жыл сайын Арал теңізі мен оның маңындағы су айдындарына 15 миллиондай шабақ жіберіледі. Одан бөлек Қызыл кітапқа енген Арал қаязы балығын көбейту қолға алынып отыр.

15 қаңтар 2018 ж. 906 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области