Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Антыңа адал бол, жауынгер!

Антыңа адал бол, жауынгер!

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда гарнизонында «Әскери антқа адал бол» онкүндігі аясында жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдарының қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.

Онкүндіктің мақсаты – алдағы уақытта әскери қызметшілердің арасындағы жарғыға сай емес қарым–қатынастардың алдын алу, әскери ұжымдарды біріктіру үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін барынша арттыру және атқарып жатқан қызметіне адал болу.

«Қарулы Күштерімізде әрбір әскери қызметші өз антына адал қызмет атқаруы тиіс деп білемін. Жарғыға сай емес қарым-қатынастардың алдын алу бойынша Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқармасында және бөлімдерінде кешенді жоспарларға сай іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осы онкүндік арқылы да әскери қызметшілеріміз достық пен әскери серіктестікті нығайтуға қол жеткізіп, әскери қызметіне адал болады деп сенемін», – дейді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің психологиялық қызметінің бастығы майор Нэлля Искакова.

Әскери қызметшілердің арасында аталған тақырып бойынша онкүндіктен тыс сабақтарда өткізіліп келеді. Сабақтар кезінде мекемеде өз қызметін асыра пайдалану, жарғыға қарсы әрекеттердің аяғы жауапкершілік пен жазаға әкеп соғатыны айтылды.

Жиынға облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов пен психологиялық қызметінің бастығы Нэлля Искакова басшылық етті. Аталған шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып жүргізілді.
20 сәуір 2021 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области