ӘСКЕРИЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
Еліміз бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында 2018 оқу жылы қортындыланды.
Аталған маңызды шара Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде де ауқымды түрде екі күнге созылды.Алғашқы күндері Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және бағынысты басқарма мен бөлімдері әскери қызметшілері сапалы дайындықты ұйымдастыру мақсатында, дене дайындығы, атыс дайындығы, арнайы сабақтар, мемлекеттік-құқықтық дайындық, жалпы әскери Жарғылар, нормативтік-құқықтық актілеріден сынақ тапсырды.
Екінші күнгі шараға арнайы Қызылорда гарнизоны қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің офицерлері де қатыстырылды.
Жиында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболов ҚР Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауын әскери қызметшілерге кеңінен түсіндіріп, насихаттады.
Шараның жалғасы ретінде жоғарыда атап өткен әскери полиция бөлімшесінің офицерлері жаңадан тағайындалған ҚІЖД-не бағынысты бөлімдердің әскери қызметкерлеріне әскери полиция бөлімшесінің атқаратын міндеттерімен толықтай таныстырды. Әділет майоры Ә.Ерімбетов ҚР құқықбұзушылық, сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында дәріс оқыды.
Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың әскери қызметшілерге арналған үндеуін жеткізді. Онда көрсетілген қоғамның ауыр дерті саналатын сыбайлас жемқорлық мәселесінен аулақ болуға шақырды.
- Еліміздің әскери әлеуетін арттыру мен дамуы жолында әскерилердің кәсіби деңгейі жоғары болуы қажет. Алдымен, дене даярлығы басты назарда. Сондай-ақ біліктілігі мен білімін тәжірибе арқылы ұштастырып отырған жөн деп есептеймін. Қызылорда гарнизонында орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдер мен мекемелер өзара тәжірбие алмасып, заңға қайшы келетін олқылықтарға жол бермеуге тырысуымыз қажет. Себебі, Үкімет қорғаныс саласының қызметкерлеріне барлық қажетті материалдық-моральдық қолдау көрсетуде. Біздің міндет Отанға адал қызмет ету, - деді департамент бастығы, полковник Еркінбек Байболов
Департаменттің және бағыныстағы басқарма мен бөлімдер әскери қызметшілері келесі 2019 оқу жылы кезеңінде кемшіліктерге жол бермеуге уәде етті.