Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ


ҚР Қорғаныс министрлігінің бекітілген жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтар профилактикасының 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» және «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы негізінде Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Тұлғалық және отбасылық конфликттердің алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау» тақырыбында онкүндік ұйымдастырылды.
Аталған шараның міндеті жеке құрамға отбасындағы келіспеушіліктердің алдын-алу және жанұяның құндылығын, банктік несиелерді қайтару жағдайларын, отбасылық бюджетті тиімді жұмсау туралы түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу болып табылады.
Осы мақсатта арнайы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының өкілі А.Асанов, «Облыстық әйелдер кеңесінің» төрайымы Н.Мусаева, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің офицері Б.Жұмағазин қатысты.
Арнайы келген қонақтарға Қызылорда теміржол учаскесі мен станциясы әскери қатынастар комендатурасы және Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы және департамент жанынан құрылған әйелдер кеңесінің мүшелері көкейде жүрген сауалдарын қоя отырып, өзара пікір алмасты.
Қызылорда Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Нұрсауле Мусаева отбасындағы құндылықты сақтау бағытына арналған дәріс оқыды.
Сонымен қатар, ҚІЖД Тәрбие, идеологиялық және әскери патриоттық жұмыстар басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы майор Н.Искакова «Әйелдер кеңесінің» ағымдағы жылда 9 ай атқарған жұмыстарына да тоқталды. Шара соңын қортындылаған Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболов:
− Атақты педагог А.Макаренко қызметтік тәжірбиесіне сүйеніп, сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің болашағыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді- деген қанатты сөзін қалдырған болатын. Сондықтан саналы ұрпақты тәрбиелеуде өзімізден бастаған жөн -деді.
Әріптестер арасында жақында шаңырақ көтерген, нәрестелі болған жас әскери отбасыларына да арнайы құттықтау хаттарын табыстады.
12 қазан 2018 ж. 588 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области