Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасы барлық облыста кең қолданылады

26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасы барлық облыста кең қолданылады

Kyzylorda-news.kz. 26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасын барлық облыстар кең көлемде қолданыла бастайды. Бұл туралы Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдаған кезде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа халыққа екпе егуге қатысты қабылданып жатқан шаралар жайында айтылды. Асқар Маминнің айтуынша, сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр.

Президентке отандық QAZVAC вакцинасының өңірлерге жеткізілуі жайында ақпарат берілді. Премьер-Министр Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы вакцина шығарған он мемлекеттің және өз әзірлемелерін тіркеген бес елдің қатарына кіргенін айтты. Сонымен қатар ол 26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасын барлық облыстар кең көлемде қолданыла бастайтынын атап өтті. Бұл «қызыл» және «сары» аймақ кезінде экономиканың әртүрлі секторының қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек.
23 сәуір 2021 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области