Халықты отандық QazVac вакцинасымен вакцинациялау қашан басталады?
Kyzylorda-news.kz. Отандық QazVac вакцинасын қазақстандықтарға егу 26 сәуірде басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді.
QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына таратылып, одан әрі еліміздің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізіледі.
Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты.
Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген. QazVac вакцинасын жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын талап етпейді, олар тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.

«Быилғы жылдың 26 сәуірінде халықты QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталады. Мамыр айында 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның кезекті партиясын шығару жоспарланып отыр. Бұдан әрі вакцина өндірісі кезең-кезеңмен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылады», делінген хабарламада.