Түркістанда қатты желден су жаңа театрдың төбесі ұшып кетті
Kyzylorda-news.kz. Түркістандағы «Керуен Сарай» туристік кешеніндегі театрдың шатырын жел ұшырып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Театрдың видео әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Алайда оқиғаға қатысты ешкім түсініктеме бермеді.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Түркістанда «әлемде теңдесі жоқ бірегей театр» салынып жатқандығы туралы хабарлаған болатын. Ғимарат ұядағы самұрық құсының үлкен жұмыртқасы түрінде жасалған.
«Жұмыртқа түріндегі дәл осы ерекше театрда сіз жаңа технологияларды қолдана отырып таңғажайып саяхат жасай аласыз. Қонақтар 8D форматындағы ертегі еліне барып, қазақ халқының тарихына ене алады», – деп хабарланған.
Керуен Сарай туристік кешенінің құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында басталды. Инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City жүзеге асырды. Ашылуы 2021 жылы сәуірде өтті.
Инвестициялық жобаның құны 87 миллиард теңгені құрайды.