Қармақшы ауданында құс фабрикасы іске қосылады
Kyzylorda-news.kz. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы шеңберінде 2025 жылға дейін өңірде жалпы құны 551,2 млрд.теңге болатын 23 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Жоба аясында 6400 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, осы жылы 44,2 млрд.теңге сомасындағы үш жобаның құрылысы басталды.
Атап айтқанда, «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС Арал ауданында қуаты жылына 4 мың тонна балықты терең өңдейтін зауыт іске қосылады. Жобаның құны 160 млн. теңге. Жоба аясында 100 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.
«Қармақшы құс» ЖШС Қармақшы ауданында қуаты жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаның құны-1,9 млрд. теңге, өндірісте шамамен 50 адам жұмыспен қамтылады.
Үшінші жоба-Қызылорда қаласында табақ шыны өндіретін зауыт құрылысы. Жобаны «Orda Glass» ЖШС жүзеге асырады. Зауыттың жылдық қуаты -197,1 мың тонна. Ал, құны 42,1 млрд.теңге. Зауыттың іске қосылған уақытта 226 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Арал ауданында «Qazaq Camel» ЖШС түйе сүтінен жылына 130 тоннаға дейін құрғақ ұнтақ өндіретін зауыттың құрылысы бойынша жобаны іске асыруды бастады. Жобаның құны 1,5 млрд. теңге. Кәсіпорын 150 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Арал ауданында»Арал Сода» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 120 мың тонна болатын тамақ тұзын өндіретін жаңа испандық цех салу жобасын іске асыруда. Жобаның құны 2,9 млрд.теңге. Өндірісте 150 адам жұмыспен қамтылады.
Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында тағы екі жоба іске асады. Атап айтқанда, Арал ауданында қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальцийленген сода өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Жобаны «Арал Сода» ЖШС жүзеге асырады. Жобаның құны-93,5 млрд. теңге. Зауытты пайдалануға беру арқылы 699 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
«ABK Prom Service» ЖШС Қызылорда қаласында жоғары қысымды шыны пластик желілік және сорғы-компрессорлық құбырларды өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Зауыттың қуаттылығы-жылына 300 км құбыр шығару. Құны – 1,8 млрд.теңге. болатын зауыт шамамен 80 адам жұмыспен қамтиды.