Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұрат Бақтиярұлы: Туып өскен жерінің халқы Гүлшара Әбдіхалықоваға үлкен сенім артады

Мұрат Бақтиярұлы: Туып өскен жерінің халқы Гүлшара Әбдіхалықоваға үлкен сенім артады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың жергілікті телеарнаға берген сұқбатына қатысты «Facebook» парақшасында пікір білдірді.

«Гүлшара Әбдіхалықованың Қызылорда облысының әкімі болып қызмет атқарғанына бір жылдан астам уақыт болды. Облыс әкімі болу-сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығына қатысты барлық жауапкершілікті мойныңа алу деген сөз. Гүлшара Наушақызының жаңа қызметі еліміздегі жаппай тарай бастаған індетпен тұспа-тұс келгендіктен бұқара халықпен кездесуге мүмкіндігі болмады. Көптеген шағын бизнес індетке байланысты жаппай жабылып жатты, өңірдегі мұнай өндіру екі еседен астам қысқарып, оның айналасында нәпақасын тауып жүрген мыңдаған адамдар жұмыссыздар қатарын толтырды. Сырдария өзеніндегі су тапшылығы аймақтағы онсыз да күрделі экологиялық жағдайға кері әсерін тигізді. Облыс республикалық бюджеттен алатын субвенциясы жағынан алда тұрған аймақтың бірі, (біздің алдымызда Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары) яғни барлығы республикалық бюджетке байланған. Былтыр орталықтан бөлінген субвенция 184 млд. теңгені құрады. Көршілес жатқан халқының саны бізден көп Ақтөбе облысының субвенциясы 111 млд. теңге, айырмашылығы 73 млд. теңге. Демек, облыстың жеке кіріс көздері төмен. Сөз жоқ, бұрыннан мұра болып келе жатқан міндеттерді шешу оңай шаруа емес. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол, өзінің туып өскен жерінің халқы Гүлшара Әбдіхалықоваға үлкен сенім артады. Ұстамды, қарапайым, мәдениетті, атына айтылатын сындарға байыппен қарайтын, жұмысына жан-тәнімен жаны ашитын, мемлекетшіл әкімнің жұмысына сәттілік тілеп ғана қоймай, парламент мүшесі ретінде қолдан келген көмегімізді аямаймыз. Сонымен қатар, әкім жұмысының нәтижелі болуы кадрлерге тікелей байланысты. Басқармалар мен аудан деңгейіндегі басшылардың ішінде ұзақ отырып қалғандар мен артынан әңгіме-сөз ергізгендерді ротациялап отыру заман талабы. Қолы мен ары таза кадрлер жаныңызда көп болса ол біріншіден сіздің абыройыңыз, екіншіден халықтың билік құрылымына деген сенімін нығайтады»,- дейді Мұрат Бақтиярұлы.
26 сәуір 2021 ж. 168 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области