7 мамырға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Тек еліміздің батысы және солтүстігі антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауылмен бірге күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-21 м/с жетеді. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі.