1 шілдеден бастап вакцина туралы ақпарат «Ashyq» жобасына енгізілмек
Kyzylorda-news.kz. 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әуежайында «Ashyq» ілкі жобасы жүзеге асырыла бастайды.
«Алгоритм талаптарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының ғимаратына жіберу жолаушының мәртебесін анықтау үшін оның арнаулы QR-кодты сканерлеп, кіре берісте әуежай қызметкеріне нәтижені көрсеткен кезде ғана жүзеге асырылады. Жолаушылардың мәртбесі «ПТР-зерттеуінің бірыңғай ықпалдастырылған порталы» және «ҚР ДСМ COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерімен тексеру негізінде беріледі», – делінген Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан ақпаратта.